Ол қалыңдығымен бірге той күні коньки киіп шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы үшін мұз жай ғана жаттығу орны емес, өмірінің ажырамас бөлігі саналады. Сол себепті, ол үйлену тойындағы ерекше сәтті дәл осылай өткізуді жөн көрген.
– Өмірімнің басым бөлігі мұз айдынында өтті. Тіпті, мұзды екінші үйім деп айта аламын. Сондықтан, бұл күнді өзгеше, өзіме жақын атмосферада өткізгім келді, – дейді ол.
Айрықша рәсім үшін Абзал Әжіғалиев өзіне ең ыстық әрі таныс орынды, алғаш коньки теуіп, үлкен спорттағы жолын бастаған мұз сарайын таңдаған. Бұл таңдау оның спорттық жолы басталған мекенге деген құрметін де аңғартса керек-ті.

Сонымен қатар, спортшы қуанышты сәтте жанынан табылып, қолдау білдірген барша жақындары мен достарына алғысын жеткізді.

Айта кеткен жөн, Абзал Әжіғалиев – Қазақстандағы шорт-трек спортының көшбасшысы. Ол 1992 жылы Орал қаласында туған. Халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, Әлем кубогы кезеңдерінде жүлде алды. Әрі сол жарыстарда жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атанды.
2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадада 500 метр қашықтықта 4-орынға ие болып, Қазақстан тарихындағы үздік нәтижелердің бірін тіркеді.