Қазақстандық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

361

Пусанда өткен сырықпен секіру сайысында Полина Иванова 4,20 метр нәтижемен екінші орын иеленді.  

Қазақстандық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды Фото: Almaty_akimdigi Telegram

2026 жылғы 29–30 мамыр күндері Корея Республикасының Пусан қаласындағы Гвангалли жағажайында жеңіл атлетикадан сырықпен секіру бойынша халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

World Athletics ұйымының Challenger санатындағы күнтізбесіне енген Busan International Pole Vault Meeting турниріне 10 елден 30-дан астам спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының атынан сынға түскен спортшы Полина Иванова әйелдер арасындағы бәсекеде 4,20 метр нәтижемен күміс жүлдені жеңіп алды.

Ал ерлер арасындағы жарыста алматылық Иван Товченик 5,40 метр көрсеткішке қол жеткізіп, жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады.

Халықаралық деңгейдегі бұл турнир жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, әлемдік рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу