Қазақстандық спортшы стенд атуда ешкімге дес бермей, финалға шықты

1269

Жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан. 

Қазақстандық спортшы стенд атуда ешкімге дес бермей, финалға шықты Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеуден сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дмитриенко "трап" бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есебі 73 ұпай жинаған. Финалға алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады. 

Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан. 

Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. 

Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу