Отандасымыз 500 метр қашықтықта алтын медаль иеленді. Шумекова 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты.
2-орынды канадалық Джулия Снелгров (38.78) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (38.96) түйіндеді.
Анастасия Беловодова 12-орын алды, Варвара Глухова – 13-орын, Алина Шумекова – 30-орын, Айзада Рымбек – 54-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, осы қашықтықта 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова да Қазақстанға алтын медальді сыйлаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу