Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатының финалына шықты

1477

Финалдық сайыстар 22, 23 және 24 қазан күндері өтеді.

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатының финалына шықты

Жапонияда спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты аясында іріктеу жарыстары өтті. Қазақстандық спортшылар маңызды турнирдің бұл кезеңінде біраз жетістікке жетті. Александр Ким шәкірттері бірден төрт финалға жолдама алды. Бұл нәтиже – тамаша көрсеткіш және Қазақстандағы спорттың даму тарихына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Қазақстандық команданың көшбасшысы Милад Карими көпсайыстан, гимнастикалық керме және еркін жаттығудан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Олимпиада ойындарының қатысушысы көпсайыс бойынша 80,706 ұпай жинап, 16-нәтиже көрсетті. Осылайша, көпсайыстан финалға шыққан 24 спортшының қатарынан табылды. 

Сонымен қатар Милад еркін жаттығудағы іріктеуден сүрінбей өтті. Гимнастиканың бұл түрінен ол 14,966 ұпай жинап, төртінші нәтиже көрсетіп, финалға шықты.

Ал гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша Милад 14,433 ұпай жинап, іріктеуде үшінші нәтиже көрсетті. Бұл жаттығуда 14,633 ұпай жинаған жапониялық Даоки Хашимито бірінші, 14,533 ұпай алған қытайлық Ху Хувей екінші орынға жайғасты. Іріктеуде жекелеген жаттығулар бойынша үздік сегіз спортшы ғана финалға жолдама алды. Бұдан бөлек Карими гимнастикалық ат пен қоссырықтағы жаттығуда да сынға түскен болатын. Бірақ ол жақсы нәтиже көрсете алмады. 

Тағы бір қазақстандық Нариман Құрбанов ат үстіндегі жаттығуларда 15 000 ұпай жинап, финалға шықты. Ол жалпы есепте 6-орынға ие болып, финалистер қатарына ілікті. Осылайша, қазақстандық спортшылар жалпы есепте әлем чемпионатының финалына 4 жолдама алды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу