Қазақстандық спортшылар әлем кубогінің кезеңдерін жеңіспен аяқтады

1597

Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогінің кезеңдерін сәтті аяқтап, Бакуден екі медальмен оралды. Нариман Құрбанов "ат" үстіндегі жаттығудан алтын медаль, Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшылар әлем кубогінің кезеңдерін жеңіспен аяқтады

Нариман Құрбанов Бакуде өткен көркем гимнастикадан әлем кубогінің чемпионы атанды. Біздің гимнастымыз "ат" үстіндегі жаттығуда 14,633 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Екінші орынды албаниялық Матвей Петров, қоланы француз Томмасон Сириль иеленді.

Ал әлем кубогі кезеңінің финалында еркін жаттығуда Милад 14.300 ұпай жинады. Израиль спортшысы Артем Долгопят (14.700) жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери (14. 066) қола жүлдені қанағат тұтты.

Әлем чемпионатының кезеңдері ақпан айында басталды. Бакуге дейін турнирлер Каирде (Египет), Дохада (Катар) және Котбуста (Германия) өтті. Жарыстардың қорытындысы бойынша Құрбанов "ат" үстінде жаттығуларда үздік атанды – екі алтын (Баку және Доха), ал Карими аталған жарыстарда екі күміс жеңіп алды. Бұдан бөлек, Милад Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетті. Мамырдан қазан айына дейін гимнасттарды World Challenge сериясының 6 турнирі күтіп тұр - Варна (Болгария), Осиек (Хорватия), Копер (Словения), Париж (Франция), Сомбатели (Венгрия) және Мерсин (Түркия).

Айта кетейік, 7 наурыздан бастап Халықаралық гимнастика федерациясы Ресей мен Беларусь спортшыларына жарысқа қатысуға тыйым салды. Бакуге дейін бұл елдердің өкілдерінің әрқайсысы бір алтын және бір қоладан алған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу