Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында үшінші орын алды

380

Иордания астанасы Амман қаласындағы еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында үшінші орын алды Фото: National Olympic Committee of Kazakhstan

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы құрлықтық додада қазақстандық балуандар сегіз медаль алды.

Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (110 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал Бекасыл Асамбек (60 келі) күміс медаль алды.

Бекзат Амангелді (45 келі). Ибрахим Ысқақбек (51 келі), Ералы Әскербек (55 келі), Бақдәулет Әкімжан (65 келі), Әмір Оразбаев (71 келі) және Бейбарыс Ерғали (80 келі) қола жүлдегер атанды.

"Негізі үш алтын алатын шамамыз бар еді. 60, 71 және 80 келідегі балуандардың финалға шығатын шамасы болды. Өздері қате жіберіп, жеңіліп қалды. Қателіктерді көрдік, енді сол кемшіліктерді әлем чемпионатына дейін реттеуге тырысамыз", – деді Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков. 

Аталған турнирде Қазақстан құрамасы үшінші орын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу