Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады

342

Үстел теннисінен Қазақстанның үздік спортшылары Дохада ел намысын қорғайды.

Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады Фото: Қазақстан үстел теннисі федерациясы

2025 жылдың 17-25 мамыр аралығында Катардың Доха қаласында үстел теннисінен 59-шы әлем чемпионаты өтеді. Жарыстар Lusail Sports Arena спорт кешенінде ұйымдастырылып, спортшылар бес категория бойынша бақ сынайды: ерлер және әйелдер жекелей сайыс, ерлер және әйелдер жұптық сайыстар, сондай-ақ аралас жұптық (миксте) сайыстар.

Жекелей жарыстарда 128 теннисші, ал жұптық турнирлерде 64 жұп өнер көрсетеді. 

Қазақстанның атынан Катарда өнер көрсететіндер Кирилл Герасименко (жеке разряд), Айдос Кенжигулов/Санжар Жубанов (жұптық разряд), Сарвиноз Миркадирова/Зауреш Акашева (жұптық разряд), Владислав Захаров/Бакдаулет Акимали (жұптық разряд), Искадер Харки/Ангелина Романовская (микст).

Турнирдің жеребе тарту рәсімі чемпионат басталғанға дейін екі апта қалғанда, 2025 жылдың 29 сәуіріндегі әлемдік рейтингке негізделіп өткізіледі.

Дохадағы әлем чемпионаты үстел теннисі әлеміндегі маңызды оқиға  болмақ. Онда спортшыларға өз шеберліктерін әлемдік аренада көрсетуге зор мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу