Қазақстандық спортшыларға Халықаралық Олимпиадалық комитет стипендиясы берілді

82

ХОК-тың стипендиясы спортшыларға Олимпиадаға іріктеуден сәтті өтіп, жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық спортшыларға Халықаралық Олимпиадалық комитет стипендиясы берілді Фото: olympics.com

2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық аясында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жеке стипендиялық бағдарламасына енген қазақстандық спортшыларға алғашқы қаржылық төлем жасалды. Әр спортшыға 2 500 АҚШ доллары берілді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.  

Стипендия жеке спорт түрлерінде бақ сынайтын спортшыларға беріледі. Іріктеу кезінде нәтижелер, Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігі, жоғары нәтиже көрсету әлеуеті және допингке қатысты талаптар ескерілді.

Қаржы оқу-жаттығу жиындарына, жеке дайындыққа, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ тұру мен тамақтануға жұмсалуы мүмкін.

Стипендия иегерлері: Аида Әбікеева, Сағындық Тоғамбай (бокс), Ғұсман Қырғызбаев, Әбиба Әбужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Руслан Курбанов (семсерлесу), Исхар Курбаев (грек-рим күресі), Ризабек Айтмұхан (еркін күрес), Зейнеп Баянова (әйелдер күресі), Мария Бровкова (ескек есу), Александра Ле, Ислам Сәтпаев (нысана көздеу), Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу), Батырхан Төлеуғали (таеквондо), Алан Құрманғалиев (үстел теннисі), Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика), Әсем Орынбай (стенд ату), Сергей Петрович, Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика), Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу