Қазақстандық стартапер Ресейде 10 жылға сотталуы мүмкін

1730

"Спутник 8" экскурсиясының агрегаторын әзірлеуші Мәскеуде қамауға алынды. 

Қазақстандық стартапер Ресейде 10 жылға сотталуы мүмкін Фото: РИА Новости

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде жерасты экскурсиясында қаза тапқан туристер ісі бойынша еліміздің азаматы қамалғаны туралы ақпаратты растады. 

СІМ ақпараты бойынша, 23 тамызда сот отырысы өтті, онда қазақстандыққа биыл 21 қазанға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

"ҚР азаматы айыпталушы тұлға ретінде тергелуде", - деп нақтылады СІМ.

Айыпталушы ҚР азаматы – экскурсияларды онлайн брондаумен айналысатын "Спутник" компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Александр Ким. 

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстан азаматы Мәскеудегі жерасты экскурсиясы туралы іс бойынша күдікті саналады. Ол экскурсияны ұйымдастырушы Никита Дубаспен бірге ұсталды.

Оқиға 20 тамызда болған. Сол күні түстен кейін Мәскеуде қатты жаңбыр жауған. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, Мәскеу коллекторлары арқылы Неглинная жерасты өзеніне гид және жеті адамнан тұратын топтың экскурсиясы өтті. Оның ішінде үш кәмелетке жасөспірім бар. Топпен байланыс үзіліп, көп ұзамай оларды іздеу шаралары басталды. 

Көп ұзамай, нөсер кезінде коллекторларға батып кеткен 15 жасар қыз бен 17 жасар жігіттің денесі Мәскеу өзенінен, Зарядье саябағының маңынан табылды. Одан кейін, қаза тапқан барлық сегіз экскурсияға қатысушының денесі анықталды. Олардың денелері қала орталығында, Зарядье саябағында, әдетте жүздеген туристер жиналатын қалқымалы көпірдің астына қалқып шыққан. 

Экскурсияға қатысушылардың қайтыс болуына байланысты қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабы, 3-бөлігі). Бұл бап бойынша, он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалуы мүмкін. 

Замоскворецкий соты 23 тамызда екі күдіктіні қамауға алды: экскурсияны ұйымдастырушы, Мәскеу гиды Никита Дубас және қазақстандық Александр Ким, сайттың жасаушысы, басшысы және сайттың тең иесі. 

"Бұл қызмет арқылы, тергеу көрсеткендей, қаза тапқандар тур сатып алған. Істің тағы бір қатысушысы-коллекторларға экскурсиялар сататын Авангард компаниясының директоры Александр Лазовский. Ол қайғылы оқиға белгілі болғаннан кейін Араб Әмірліктеріне ұшып кетті және қазір іздеуде. Сотта Александр Ким кінәні мойындамады, 25 тамызда Кимнің адвокаттары қамауға алу туралы қаулыға шағымданды", - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетерлігі, Александр Кимді білетіндердің бәрі ол туралы "өз ісін сүйетін жан" деген пікір айтуда. 

Александр Қапшағай қаласында дүниеге келген (қазіргі Қонаев қаласы), сол жерде Шоқан Уәлиханов атындағы № 2 гимназияда оқыған. Ол Санкт-Петербургке оқуға кетті, содан бері сонда тұрады, бірақ оның азаматтығы қазақстандық, ал достарының айтуынша, ол төлқұжатын ауыстырғысы келмеген. 

Университетте Александр Ким "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және Telegram месседжері Павел Дуровтың және DST қорының негізін қалаушы Юрий Милнердің байқауына қатысып, өзінің стартапына 12 гранттың бірін жеңіп алған. Содан кейін турларды брондау алаңы тек екі қалада, Мәскеуде және Санкт-Петербургте жұмыс істеді, ал сайтта тек 250 экскурсия болды. Александрдың серіктестері оның курстастары болды. Стартаптың ерекшелігі мен артықшылығы әзірлеушілер жеке гидтерге баса назар аударды. 

"Саша – саяхатты, әлемді зерттеуді, әртүрлі мәдениеттердің байланысын, ой-өрісін кеңейтуді насихаттаушы. Кейбір ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Сашаны жамандап, оны осы экскурсияны әдейі ұйымдастырды деп айыптағаны ұят. Сондай-ақ, ол жасырынуға тырысты деген жалған мәлімдемелер бар. Ал, шын мәнінде, Александр қайғылы жағдай туралы білгеннен кейін,  барлық қажетті ақпаратты ашық түрде беру үшін құқық қорғау органдарымен байланысқа шықты", – дейді курстасы Семен Ляшенко.

"Саша-Қазақстан азаматы. Оның тез кетіп қалуға мүмкіндігі бар... бірақ ол тергеуге адал үлес қосты", – дейді Александр Кимнің досы Алина Афанасьева. 

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жағдай бақылауда деп хабарлады. 

"Қажет болған жағдайда азаматымыздың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында консулдық қолдау көрсетілетін болады", – делінген елшілік мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу