Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

263

Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан.

Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында "Деректерді талдау және визуализация" құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін "Болашақ технологиялар мен дағдылар" атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Сонымен қатар тараптар "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу