Қазақстандық студент пара-армрестлингтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

635

Арайлым 50 кг салмақ дәрежесінде сол және оң қолмен күресуде 1-ші орынды жеңіп алып, екі алтын медаль иеленді.

Қазақстандық студент пара-армрестлингтен үш дүркін әлем чемпионы атанды Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысындағы Бизнес және сервис колледжінің 2-курс студенті Арайлым Игимбаева Молдованың Кишинев қаласында өткен армрестлинг және пара-армрестлинг бойынша әлем чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Чемпионатқа Германия, Франция, Армения және Қазақстан сияқты 60 елден 1200-ден астам спортшы қатысты. Арайлым 50 кг салмақ дәрежесінде сол және оң қолмен күресуде 1-ші орынды жеңіп алып, екі алтын медаль иеленді.

Арайлым Игимбаева "Тігін өндірісі" мамандығы бойынша 2-курста білім алуда. Оны бала кезінен бастап спортқа баулыған жаттықтырушысы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеті дүркін әлем чемпионы, жиырма дүркін Азия чемпионы Данияр Тайменов. Облыстық, республикалық жарыстардан бастап, қазір халықаралық аренада жеңіске жетіп отыр.

2023 жылы ол Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында І орынды жеңіп алған. Абай облысының спортшылары бұл чемпионатта жалпы 4 алтын және 3 күміс медальды қанжығаларына байлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу