Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионы атанды

130

21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты биыл алғаш рет ұйымдастырылды. 

Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қабылан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ол 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап, финалда Оңтүстік Корея өкілі Ян Джунёнды айқын басымдықпен жеңді.

Бұл Қазақстан жастар құрамасының аталған біріншіліктегі алғашқы медалі болды.

Айта кетейік, турнирде 79 елден келген 452 спортшы сынға түсуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу