Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатында екінші орын алды

259

Дүбірлі додаға 87 елден 811 спортшы қатысты.

Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатында екінші орын алды Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таэквондодан Әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар 10-14 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында бес медаль алды. Атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.

Әлем чемпионатында ел құрамасынан Хамзаальпер Ромашкин (61 келі) мен Сағынғали Жантөре (65 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Аятжан Әмірханов (57 келі) күміс медаль алса, Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу