Турнирге 30 елден 300 спортшы қатысады. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия және басқа елдердің құрамалары бұл жарысқа барынша мықты құраммен қатысуда. Жарыс аясында жекелей есепте 14 салмақ дәрежесі бойынша және командалық бір жарыс бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшылар 25 сәуірден бастап татамиге шығады. Әр жарыс күні белдесулер сағат 08:00-де басталады, ал финалдық бөлім 15:00-де өтеді (Астана уақытымен).
Тайландта өтетін құрлықтық біріншілікте 17 қазақстандық татами шеберлері ел намысын қорғайды.
Дзюдошыларымыздың жарыс кестесі төмендегідей:
25 сәуір:
Әйелдер -48 кг: Галия Тынбаева, Диана Буркеева
Әйелдер -52 кг: Толғанай Әбеуова
Ерлер -60 кг: Шерзод Давлатов, Нурадил Әлжан
Ерлер -66 кг: Ержан Еренқайыпов
26 сәуір:
Әйелдер -57 кг: Бақыт Құсайынбаева
Әйелдер -63 кг: Эсмігүл Қуюлова
Әйелдер -70 кг: Кристина Сотникова
Ерлер -73 кг: Есет Қуанов
Ерлер -81 кг: Азат Құмыспай, Мәди Амангелді
27 сәуір:
Әйелдер +78 кг: Акерке Рамазанова, Назгүл Маратова
Ерлер -90 кг: Мейірлан Максим, Ермахан Ануарбеков
Ерлер +100 кг: Ерасыл Қажыбаев
28 сәуір: Командалық жарыстар
Айта кетейік, бүгін чемпионат аясында Бангкок қаласында Азия дзюдо одағының конгресі өтті. Маңызды жиынға Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев қатысты. Конгресс барысында 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған жарыс күнтізбесі бекітілді, сондай-ақ, 2026 жылғы Азия ойындарына дайындық мәселелері талқыланды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Орталық Азия елдері дзюдо федерациялары өкілдерінің қатысуымен бөлек жиын өтті. Онда аймақтағы дзюдоны дамыту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинарлар ұйымдастыру және клубтық жүйені жетілдіру мәселелері сөз болды.