Қазақстандық теннисші алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңінде өнер көрсетеді

911

Биылғы АҚШ ашық біріншілігінің 65 миллион долларды құрайды.

Қазақстандық теннисші алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңінде өнер көрсетеді Фото: kff.kz

Тимофей Скатов спорттық мансабында алғаш рет іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне шықты. Соңғы іріктеу кезеңінде екі сетте ол аустралиялық Джеймс Даквортты 6:2, 6:2 есебімен ұтты. 22 жастағы Скатов қазір ATP рейтингінде 128-ші орында тұрса, оның қарсыласы 112-ші орында. Кездесу бір сағат төрт минутқа созылды. Қазақстандық 3 эйс жасап, 1 қателік жіберді.

Қазақстанның екінші ракеткасы негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын италиялық теннисші Рауль Бранкаччоға (әлемдік рейтингтің 169-шы нөмірі) қарсы өткізеді.

Сонымен қатар жекелей сында еліміздің үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Елена Рыбакина да Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open (US Open) туниріне қатысады. Ол бірінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Матч 28 тамызда өтеді. Осы кездесудің жеңімпазы келесі айналымда Панна Удварди (Венгрия, WTA рейтингінде 124-орын) - Айла Томлянович (Австралия, WTA рейтингінде 130-шы) арасында өтетін текетірестің жеңімпазымен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 79-орын) италиялық Мартина Тревизанмен (WTA рейтингінде 53-орын) сынға түседі. Ойын да 28 тамызға жоспарланған.

АҚШ ашық біріншілігінің негізгі және іріктеу жеребесі әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сында 128 ойыншы өнер көрсетеді. Жұптық сында 64 дуэт, микстте 48 жұп бар. Турнирдің негізгі кезеңінде әдетте, ATP және WTA рейтингтерінде жоғары орындарды иеленген теннисшілер өнер көрсетеді. Сонымен қатар, олардың кейбір бос орындар іріктеу турнирлерінің жеңімпаздарына ұсынылады. Ұйымдастырушылар теннисшілерге wild card бере алады.

Жарысқа әйелдер арасында турнирдің екі дүркін чемпионы Венус Уильямс, Каролин Возняцки, Кайла Дэй, Фиона Ферро, Сторм Хантер, Эшлин Крюгер, Робин Монтгомери және Клэрви Нгунуэ, ал ерлер арасында Джон Иснер, Стив Джонсон, Алекс Мишельсен, Бенджамин Бонци, Ринки Хиджиката, Лернер Тиен, Майкл Ммо және Этан Куинн сияқты теннисшілер шақырту алды.

Биылғы АҚШ ашық чемпионатында жүлде қоры рекордтық сомманы, яғни 65 миллион долларды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Бірінші айналым 81,5 мың долларды құрайды.

Екінші айналым 123 мың долларды құрайды.

Үшінші раунд – 191 мың доллар

Төртінші раунд – 284 000 доллар

1/4 финал – 455 мың доллар

1/2 финал – 775 мың доллар

Финал – 1,5 миллион доллар

Жеңімпаз – 3 миллион доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу