Қазақстандық теннисші Аустриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

290

Линц қаласында 27 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында қатты төсенішті жабық корттарда халықаралық WTA 500 турнирі өтуде.

Қазақстандық теннисші Аустриядағы турнирдің жартылай финалына шықты Фото: gotennis.ru

Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жұптық сында сәтті өнер көрсетуде.

1/4 финалда Данилина мен Хромачева ресейлік Яна Сизикова / Анастасия Потапова дуэтімен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, 6:1, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Матч 57 минутқа созылды. Осылайша, қазақстандық теннисші мен оның әріптесі жартылай финалға шықты.

Олардың болашақ қарсыластары кейін анықталады.

Айта кетейік, Анна Данилина мен Ирина Хромачева Линц турнирінде екінші нөмірмен тіркелген. Турнирдің басты фавориттері – чехиялық Катерина Синякова мен қытайлық Чжан Шуай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу