Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті

225

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Недовесов Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге алғашқы айналымда ұлыбританиялық Джейми Маррей – аустралиялық Джон Пирстен айласын асырды.

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық дуэт 7:5 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Маррей – Пирс қарымта қайырды – 6:4. Дегенмен, супер тай-брейкте Недовесов – Галловей жеңісті жұлып алды.

Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде Недовесов – Галловей 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Маррей – Пирс 4 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.

Өткен жылы Антверпенде жекелей сында қазақстандық Александр Бублик чемпион атанған болатын. Биыл ол жарақатына байланысты Алматыдағы дәл осындай додадан тыс қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу