Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

150

Турнир аяқталысымен Анна Данилина әлемдік рейтингте жұптық сында 4-орынға көтеріледі. 

Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге Indian Wells Open турнирінің финалына шықты.

Жартылай финалда қазақстандық-сербиялық жұпқа испаниялық Кристина Букша мен америкалық Николь Меликар-Мартинес қарсы тұрды. 1 сағат 19 минутқа созылған матчта Данилина мен Крунич 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық кездесу ертең, 14 наурызда өтеді. Онда Данилина мен Крунич чехиялық Катерина Синякова және америкалық Тейлор Таунсед жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Анна Данилина мен Александра Крунич ақпан айында Qatar Open турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ қазақстандық-сербиялық жұп Australian Open-2026 турнирінің финалына дейін жетіп, онда бельгиялық Элиза Мертенс пен қытайлық Чжан Шуай жұбына 6:7 (4:7), 4:6 есебімен есе жіберген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу