Қазақстандық теннисші қыз жартылай финалға шықты

3649

20 жасар қазақстандық теннисші қыз Елена Рыбакина WTA Luxembourg Open жарысының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалдағы қарсыласын бір геймде 6-0 есебімен жеңді. 

Қазақстандық теннисші қыз жартылай финалға шықты

Неміс қызы Лаура Зигмундпен ракетка түйістірген отандасымыз бірінші сетті 21 минутта, 6-0 есебімен жеңіп шықты. Ал екінші сетте 6-4 есебімен басым түсті. 

Айта кетуіміз керек, Рыбакина WTA рейтингісінде қазір 43-орында тұр. Ал оның қарсыласы 31 жасар Зигмунд болса 79 орында. Жеке кездесулердің есебі 2:0 болды. Енді қазақстандық теннисші қыз жартылай финалда Моника Пуиг пен Юлия Гергестің жеңімпазымен кездеседі. WTA Luxembourg Open жарысының қазіргі чемпионы неміс қызы Юлия Гергес екенін де айта кетейік. Ал оның қарсыласы пуэрторикалық Моника Пуиг Олимпиада ойындарының чемпионы. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу