Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің чемпионы атанды

481

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінде топ жарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің чемпионы атанды Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші бразилиялық Пауло Андре Дос Сантоспен бірге жартылай финалда түркиялықтар Ченгиз Ақсу – Алп Хорозды 1:6, 6:0, 10:6 есебімен ұтты.

Қазақстандық-бразилиялық жұп финалда германиялық Никлас Шелл – ұлыбританиялық Маркус Уолтерспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Шелл – Уолтерс 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен екіншісінде Қазақстандық бразилиялық дуэт есе қайырды — 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу