Үндістанның Пуна қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өткен ITF Juniors сериясындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.
Турнирдің бірінші нөмірлі ракеткасы болып тіркелген 17 жастағы Альбина барлық кезеңнен сенімді өтіп, финалға жолдама алды. Шешуші матчта ол жарыстың екінші ракеткасы, Үндістан өкілі Дия Рамешпен кездесті. Бір сағатқа жетпейтін уақытта қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен айқын жеңіп, ITF Juniors жекелей сынындағы алтыншы титулын иеленді.
Жалпы алғанда, Альбинаның еншісінде жұптық сында да ITF Juniors сериясында алты титул бар. Бір апта бұрын Кәкенова Сатима Төрегенмен жұптасып, Нью-Делиде өткен J100 санатындағы турнирде жеңіске жеткен еді.