Қазақстандық теннисшілер Аделаидада жүлде үшін күресті жалғастырады

110

Жаңа теннис маусымы Аустралиядағы турнирлермен басталды. 

Қазақстандық теннисшілер Аделаидада жүлде үшін күресті жалғастырады

Отандастарымыз – Анна Данилина мен Александр Шевченко Аделаидадағы турнирде сәтті өнер көрсетуде. 

Анна Данилина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ол сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финал кезеңінен ойынсыз-ақ өтті. Өйткені Чехия мен Бразилия өкілдері – Марта Боузкова мен Луиза Стефани чехиялық теннисшінің жарақатына байланысты матчтан бас тартты.

Осылайша, бүгін Анна мен Александра жартылай финалда Қазақстан уақытымен 12:40-та Катерина Синякова-Чжан Шуай жұбына қарсы кортқа шығады. 

Ал, әлемнің 104-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Шевченко Аделаидада өтіп жатқан ATP-250 турнирінің ширек финалына шықты. Ол екінші айналымда венгриялық Мартон Фучовичті (ATP рейтингісінде 55-орын) 6:3, 7:6 (8:6) есебімен жеңді. Жартылай финалға шығу үшін Шевченко франциялық Уго Умбермен кездеседі. 1/4 финалдық кездесу бүгін 11:30-басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу