Қазақстандық теннисшілер Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

430

Қазірге теннисшілеріміздің аяқ алысы жаман емес. 

Қазақстандық теннисшілер Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2026 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті.

Ол мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турниріне топ-10 ойыншысы мәртебесінде қатысты. Оның қарсыласы америкалық Дженсон Бруксби болды.

Александр Бублик матчты 3 сетте 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп шықты. Кездесу 2 сағат 7 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 13 эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді. Ал Дженсон Бруксби 4 эйс орындап, бір қос қателік жіберді.

Келесі айналымда Александр Бублик венгриялық Мартон Фучовичпен кездеседі. Матч 21 қаңтарға жоспарланған.

Сондай-ақ, бүгін тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко да Australian Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Алғашқы кезеңде ол швециялық Элиас Имерді (ATP №175) – 3:6, 7:5, 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Александр Шевченко алғашқы сетте жеңіліс тапқанымен, кейінгі 3 партияда қатарынан басым түсіп, камбэк жасады.

Кездесу 3 сағат 17 минутқа созылды. Бұған дейін Александр Шевченко Australian Open турнирінің екінші айналымына шықпаған еді.

Келесі кезеңде Александр Шевченко америкалық Лёрнер Тьен (ATP №29) мен Маркос Гирон (ATP №51) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу