Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жүлдегер атанды

1839

Осы теннис аптасы ITF және Tennis Europe сериялы турнирлеріндегі қазақстандық жасөспірімдердің кезекті табысымен аяқталды.

Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жүлдегер атанды

Чолпон-Атада (Қырғызстан) Халықаралық теннис федерациясының демеушілігімен өткен төртінші санаттағы турнирде Ерасыл Ерділдә жекелей сында жеңімпаз атанды. Ол финалда осы турнирдің үшінші ракеткасы болып тіркелген ирандық Каср Рахманиді ұтты. Есеп қазақстандық теннисшінің пайдасына 3:0 болғанда Рахмани жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Дәл осы турнирде қыздар арасындағы жұптық сайыста Әдемі Аманкелді мен Владислава Андреевская жұбы ресейлік Кристина Белкова / Ксения Крупенинаны 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Роберт Каминский де қазақстандық теннис сүйер қауымды қуантып келеді. Германияның Кобленц қаласында 12 жасқа дейінгі бірінші санаттағы ойыншылар арасындағы Tennis Europe сериясының турнирінде жас қазақстандық  тағы бір жүлдені жеңіп алды. Финалда Роберт ирандық теннис жұлдызы Кираш Садижзадеге жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады – 6:3, 6:2.

Кобленцте тағы бір қазақстандық Тұрсаид Даркен жұптық сайыста финалист атанды. Зара Дәркеннің інісі Кираш Садижзадемен финалда неміс Лиан Бинерт / Макс Гомбектен 3:6, 6:4, 1:10 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Черногорияда үшінші санаттағы TE сериясының турнирінде 11 жасар Ясмин Дюсембаева жартылай финалға дейін жетіп. Ақтық сында румыниялық Ясин Стройдан 6:3, 3:6, 8:10 есебімен жеңіліп қалды.

Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионатына дайындық кезеңін аяқтауда. Биыл жасөспірімдер арасындағы Juniors US турниріне іріктеуде Қазақстан намысын Максим Батютенко, Аружан Сағындықова және Сандуғаш Кенжебаевалар қорғайды.

Ал Дана Байдәулет Вашингтонда өткен ITF Juniors сериясының бірінші санатындағы турнирде тарихи жетістікке қол жеткізді. Екінші айналымда қазақстандық теннисші қыз жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 37-орында тұрған жапониялық Саяка Ишигеден айласын асырда. Дана жапониялық қарсыласын 4 сағат 52 минутта 7:6 (7:3) 6:7 ​​(5:7) 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу