Қазақстандық теннисшілер Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты

321

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисшілер Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: ҚТФ

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева мен чехиялық Ивана Себестова бастапқы матчта болгариялық Ива Иванова – словениялық Эла Нала Миличті оңай жеңді – 6:1, 6:2.

Қазақстандық-чехиялық жұп жартылай финалға шығу үшін ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардавамен таласады.

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова – Аружан Сағындықова алғашқы айналымда ресейлік Марианна Шиханова – мысырлық Хамс Метвалиді жолдан тайдырды – 6:1, 6:3.

Асылжан мен Аружанның ширек финалдағы қарсыластары – ресейліктер Софья Гапанькова мен Ксения Ерш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу