Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

877

Әлемнің ең мықты деген теннисшілері сынға түсіп жатқан Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымын төрт қазақстандық теннисші жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді. Голландиялық теннисші Аранча Руспен кездесуде Елена үш сетте 6:1, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч  2 сағат 20 минутқа созылды. Ойын барысында Рыбакина үш рет допты ойынға қосу барысында қателесіп, екі қателік жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші жеті ұпай жинап және қатарынан жеті геймде жеңіске жетті.

Айта кетейік, кездесу Парижде 1/64 финал аясында өтті. Екінші айналымда Рыбакина америкалық Кэти Волынецпен кездеседі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Турнирдегі алғашқы кездесуінде Бублик корт қожайыны Артур Риндеркнехпен кездесті. Екі сетке ұласқан ойында Бублик 6:2, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 56 минутқа созылды.

Әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында бірінші айналымда рейтингте 112-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған румыниялық Ирина Барамен кездесті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Юлия эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді 26-мамыр күні Путинцева екінші айналымда Әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджимен сынға түседі.

Сонымен қатар Андрей Голубев корт иесі Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда аргентиналық Себастьян Баэс – бразилиялық Фелипе Мелигени Алвеспен ойнады. Бір сағат 21 минутқа созылған матчта қазақстандық-франциялық жұп 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды. Голубев пен Мартен екінші айналымда үндістандық Рохан Бопанна – нидерландылық Матве Мидделкоппен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу