Қазақстандық теннисшілер Роллан Гарроста қанша табыс тапты?

609

Бүгін Франция ашық чемпионатының әйелдер арасында финалдық матчы өтуде.

Қазақстандық теннисшілер Роллан Гарроста қанша табыс тапты?

Қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы Франция ашық чемпионатының финалына шыға алмады. Турнирде жұптық сында еліміздің жеті өкілі және жекелей сында бес өкілі өнер көрсетті. Ендеше спортшыларымыздың қанша табыс тапқанына тоқтала кетейік.

"Ролан Гарростың" жалпы жүлде қоры биыл 49,6 миллион еуроны құрады. Қазақстандық теннисшілер жалпы жүлде қорының бір пайызына да жетпейді – 485 мың еуро (234,4 миллион теңге).

Андрей Голубев – 8,5 мың еуро (4,1 миллион теңге)

35 жастағы қазақстандық бұл соманы ерлер арасындағы жұптық сайыстың бірінші кезеңіне қатысқаны үшін алған. Бәлкім, Францияның ашық чемпионатының алғашқы айналымында турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген спортшыларға қарсылас атанбаса, бұл жарыс ол үшін сәтті болар ма еді? Голубев пен оның серіктесі 17 мың еуро сыйақы алды.  Ал егер тең бөлінсе, әрқайсысы 8,5 мыңнан алады. Бұл салықты есептмегенде. Нақты сома анағұрлым аз болады.

Анна Данилина - 16 мың еуро (7,7 миллион теңге)

Жұптық сайыс бойынша еліміздің ең үздік теннисшісі жұптық сында және микстте өнер көрсетті. Жұптық сында ол екінші айналымға шықты (13,5 мың – соманың жартысы), ал аралас жұпта ол бірінші айналымда ұтылып қалды (2,5 мың – сыйақының жартысы).

Александр Недовесов – 21,5 мың еуро (10,3 миллион теңге)

36 жастағы теннисші Недовесов жұптық сайыста "Ролан Гарростың" спорттық мансабында алғаш рет үшінші кезеңге шықты Әріптесімен бірге олар 42 мың еуро жүлдеге қол жеткізді. Ал екіге бөлгенде 21,5 мың.

Тимофей Скатов – 69 мың еуро (33,3 миллион теңге)

22 жастағы теннисші мансабында алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі матчында өнер көрсетті. Петропавлдың тумасы іріктеу кезеңінде үш кездесуде жеңіске жетті. Бірақ негізгі жеребенің бірінші айналымында ол Григор Димитровтан жеңіліп қалды. Жекелей сында бірінші айналымға қатысқаны үшін Тимофей 69 мың еуро табыс тапты.

Александр Бублик – 77,5 мың еуро (37,4 млн теңге)

Биылғы жылы ерлер арасындағы жекелей сында еліміздің ең үздік теннисшісі Париж корттарында бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Ол бірінші айналымда жекелей және жұптық сайыста да жеңілді.

Елена Рыбакина – 142 мың еуро (68,6 миллион теңге)

Қазақстандық теннисшілерден Ролан Гарростан ең көп табыс тапқан 23 жастағы Рыбакина деп ойласаңыз, қателесесіз. Әлемнің үшінші ракеткасы екінші жыл қатарынан үшінші кезеңге жетті. Бұл жолы Елена ешкімнен жеңілген жоқ. Тек жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды. Үшінші айналымға өткені үшін ол 142 000 еуро табыс тапты.

Юлия Путинцева – 150,5 мың еуро (72,7 млн ​​теңге)

Путинцева жекелей сында үшінші айналымға шықты. Сондай-ақ жұптық сында бірінші айналымда өнер көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық теннисшілер арасында  Франция ашық чемпионатында ең көп табыс тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ролан Гаррос 11 маусымға дейін жалғасады. Қазіргі таңда финалистердің есімі белгілі. Әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған норвегиялық Каспер Рууд Франция ашық чемпионатының екінші финалисті атанды. Жартылай финалда ол Германиядан келген Александр Зверевті жеңді. Кездесу 6:3, 6:4, 6:0 есебімен аяқталды. Рууд финалда сербиялық Новак Джоковичпен кездеседі. Ол бұған дейін әлемнің 1-ші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарасты жеңген болатын.

Сонымен қатар әйелдер арасындағы "Ролан Гарростың" екі финалисті де белгілі. Беларусь елінің өкілі Арина Соболенконы 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 7:5 есебімен сенсациялық түрде жеңген чехиялық теннисші Каролина Мухова шешуші кездесуде Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі. Әлемнің бірінші ракеткасы Швентек 1/2 финалда Бразилия өкілі Беатрис Хадда-Майяны жеңді. Мухова алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шықса, ал Швентек "Ролан Гарростың" былтырғы жеңімпазы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу