Қазақстандық теннисшілер жұптық сында финалда турнирдің үшінші ракеткалары, нидерландылық Мерель Хоед – италиялық Мириан Тонаға жол берді – 4:6, 4:6.
Team Kazakhstan академиясының аға бапкері Ирина Чичмареваның айтуынша, бұл – олардың ересектер арасындағы алғашқы жетістігі.
"Финалда жеңіліп қалғанына қарамастан, Асылжан мен Дана бір апта бойы табысты өнер көрсетті. Соңғы бәсекеге дейін олар доданың екінші және төртінші ракеткаларын ұтты. Сондықтан біз дұрыс бағыттамыз деп есептейміз. Ұдайы жаттыға білсек, бұдан да биік шыңды бағындыруға болады", деді И.Чичмарева.