Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко "Челленджер" сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко Ұлыбританияда өтіп жатқан Челленджер" сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Кукушкин екінші айналымда франциядық Гарольд Майоны үш сетте 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңсе, Дмитрий Попко Братиславадағы (Словакия) турнирде хорватиялық Матей Додигті 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Попко ширек финалда польшалық теннисшімен кездессе, Кукушкиннің қарсыласы әлі белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Кукушкин “Роллан Гаррос” турнирінде өнер көрсетіп, жеңіліп қалған болатын.