Қазақстандық теннисшілер жаңа маусымды сәтсіз бастады

662

Қос теннисшіміз іріктеуден өте алмады. 

Қазақстандық теннисшілер жаңа маусымды сәтсіз бастады

Аустралияның Брисбен қаласында Queensland Tennis Centre стадионында 5-11 қаңтар аралығында WTA 500 санатындағы турнир өтіп жатыр. Ойындар ашық аспан астындағы хард кортта ұйымдастырылды. Бүгін, 3 қаңтарда іріктеу турнирі басталды. Олар арқылы негізгі турнирге өтуге таласқан теннисшілер бәсекеге түсті. Бұл кезеңде қазақстандықтар Юлия Путинцева мен Александр Шевченко өз бақтарын сынап, негізгі кезеңде өнер көрсетуге талпынып көрді.

Юлия Путинцева (№71) іріктеудің финалында жергілікті спортшы Оливия Гадекимен (№206) ойнады. Тәжірибе мен рейтинг айырмасына қарамастан, 30 жастағы Путинцева 23 жастағы Гадекиге қарсы тұра алмады – 6:1, 5:7, 1:6. Кездесу екі сағат 14 минутқа созылды.                                                                       

Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко (№97) 2026 жылғы алғашқы ойынын өткізді. Брисбендегі ATP 250 турнирінің іріктеуінде ол бельгиялық Рафаэль Коллиньонмен (№85) кездесті. Ойын екі партияда 7:5, 6:4 есебімен Коллиньоннің пайдасына аяқталды.                           

Бұл жарыстар жаңа 2026 жылғы кәсіби маусымның ашылуы ретінде үлкен мәнге ие. Себебі алда ең ірі Grand Slam – Australian Open бар. Сондықтан Brisben‑де алған тәжірибе және жарыс ритмі әлемдік турнирлердегі табысты ойындарға жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу