Қазақстандық теннисшілер жартылай финалға шыға алмады

1636

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінде Мэдисон Кизге есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Қазақстандық теннисшілер жартылай финалға шыға алмады

Турнирдің ширек финалдық матчында кездесу бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылды. Елена екі сетте де америкалық теннисшіге жеңіліп қалды – 2:6, 4:6. Екінші партияда Рыбакина екі гейм қатарынан жеңіске жетіп, 2:5 есебімен алға шыққан. Бірақ, кездесуде жеңіліп қалды.

Матч аяқталған соң Мэдисон Киз ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

"Мен Еленаның тамаша ойыншы екенін және ол кез келген сәтте өзгеріс жасай алатынын білдім. Сондықтан басымдық танытуым керек болды. Өйткені ол кез келген сәтте ойын бағытын өзгерте алады. Менің ойымша, бұл Еленаға қарсы жеңіске жету үшін кілт сияқты болды. Кері шегінсем, ол мені басқаратын еді", – деді Киз.

Мэдисон Киз бүгін жартылай финалда "Үлкен Дулыға" турнирінің екі дүркін жеңімпазы, чехиялық Петра Квитовамен сынға түседі. Матч елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Сонымен қатар жұптық жарыс бойынша еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өте алмады. Ширек финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге өнер көрсеткен Данилина украиналық-латвиялық дуэт Людмила Киченок / Елена Остапенкодан 3:6, 6:3, 8:10 есебімен жеңіліп қалды. 1 сағат 21 минутқа созылған матч барысында Данилина мен Хаддад Майя бір рет қарсыластарының төрт эйсіне тек бір соққымен жауап берді. Сондай-ақ екі қателік жіберді. Енді финалға шығу үшін Киченок пен Остапенко ресейлік Вероника Кудерметова мен бельгиялық Элиза Мертенске қарсы ойнайды. Матч тамыздың 20-нан 21-не қараған түні 0:15-ке жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу