Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда осы "Үлкен дулыға" турниріне арнайы шақырту алған 16 жастағы аустралиялық, рейтингіде 371-орында тұрған Эмерсон Джонспен сынға түседі.
Бұл олардың өзара бірінші кездесуі болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әлемнің 25-ракеткасы Юлия Путинцеваға рейтингіде 44-сатыдағы армениялық Элина Аванесян қарсылас атанды.
Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды. Бұл екеуінің бұрын бір-бірімен жолдары қиылыспаған.
Рейтингіде 72-орындағы Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен кездесетін болды.