Елена Рыбакинаны қорлаған бапкер жұмысына қайта оралды

120

Стефано Вуков амнистияға ілікті. 

Елена Рыбакинаны қорлаған бапкер жұмысына қайта оралды Фото: sovsport.ru

Маусым басында Стефано Вуков Елена Рыбакинаға қатысты қорлайтын сөздер айтып, психологиялық қысым көрсетуіне байланысты мінез-құлық кодексін бұзғаны үшін бір жылға дисквалификацияланған болатын. 

Өткен жылдың күзінде WTA Вуковқа қатысты "өкілеттігін асыра пайдалану" және "қорлайтын мінез-құлық" бойынша айыптауларды тергей бастаған еді.

Тергеу қорытындысында бапкердің теннисшіні "тентек" және "ақыл-есі кем" деп атағаны, тіпті "менсіз әлі Ресейде картоп теріп жүрер едің" деген сөздері келтірілген. Алайда сәтті апелляциядан кейін бапкер командаға қайта қосылды.

Осы орайда Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мәлімдеме жасады. 

"Біз барлық спортшылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырғымыз келеді. Істі мұқият қарастырғаннан кейін Стефано Вуковқа енді WTA турнирлерінде аккредитация алуға рұқсат берілді", – делінген хабарламада. 

Ақпанда Давиде Сангвинетти Рыбакинаның жаңа бапкері болып тағайындалған. Ол қазақстандық теннисшімен жұмысын жалғастырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу