Татьяна Сорокопудова бастаған отандық төрешілер тобы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Әзербайжан мен Черногория әйелдер құрамалары арасындағы матчқа тағайындалды.
Кездесудің бас төрешісі болып Татьяна Сорокопудова тағайындалды.
Оған Наргис Мағау мен Динара Ыдырысова көмектеседі. Төртінші төреші қызметінің міндеті Эльвира Нұрмұстафинаға жүктелді.
Айта кетейік, Наргис Мағау 2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер болған еді. Дегенмен ол 17 желтоқсан күні сайлауға түсуден бас тартып, төрешілік мансабына көбірек назар аударуды жөн санаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу