Қазақстандық төрт мерген әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды

266

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті.

Қазақстандық төрт мерген әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды Фото: gov.kz

Делиде (Үндістан) спорттық атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ. Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу