2025 жылдың 17–25 мамыры аралығында Катар астанасы Дохa қаласы үстел теннисінің ең ірі додаларының біріне — әлем чемпионатына екінші мәрте қожалық етпек. Бұл 69-мәрте ұйымдастырылатын байрақты бәсеке. Дохa 2004 жылы да әлем біріншілігін қабылдаған болатын. Осы жолы ол спорттық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, бар әлемнің назарын тағы бір мәрте өзіне аудармақ.
Чемпионат екі ірі спорт кешенінде өтеді: Lusail көпсалалы спорт кешені – басты ойындар өтетін арена, Катар университетінің спорт кешені – алғашқы төрт күндік кездесулерге арналған қосымша алаң.
Әлем чемпионаты аясында бес санат бойынша жеңімпаздар анықталады:
Ерлер арасындағы жекелей сын
Әйелдер арасындағы жекелей сын
Ерлер, жұптық сайыс
Әйелдер, жұптық сайыс
Аралас жұптық жарыс
Күнтізбелік жоспар:
17–18 мамыр – Бастапқы кезеңдер (1/128, 1/64 финал)
19–21 мамыр – 1/32, 1/16 және 1/8 финалдар
22 мамыр – Ширек финал
23 мамыр – Жартылай финал
24–25 мамыр – Барлық санаттағы финалдар
Чемпионатта әлемнің алпауыт мемлекеттері - Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен Еуропа елдерінің үздіктері бақ сынайды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатына қатысады.
Осы орайда құрамамыз Алматыда әлем чемпионаты қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Спортшыларымыздың алғашқы қарсыластары да белгілі. Бас бапкер Эльмира Алиева спортшылардың алдында турнирде мүмкіндігінше жоғары көтерілу міндеті тұрғанын атап өтті.
1/64 финал, жеке разряд.
Кирилл Герасименко - Чью Кларенс (Сингапур).
Сарвиноз Миркадирова - Неда Шахсавари (Иран).
Зәуреш Акашева - Хана Арапович (Хорватия).
1/32 финала, жұптық разряд.
Айдос Кенжеғұлов/Санжар Жұбанов - Беньямин Фараджи/Амирмахди Кешаварзи (Иран).
Владислав Захаров/Бакдаулет Акимали - Альберто Мино/Диего Пигуаве (Эквадор).
Анель Бахыт/Ангелина Романовская - Ханитра Рахариманана/Ранто Ракотондразака (Мадагаскар).
Зауреш Акашева/Сарвиноз Миркадирова - Тан Чжао Юн/Чжан Ванлин (Сингапур).
1/32 финал, аралас разряд.
Искандер Харки/Ангелина Романовская - Лин Юн-Джу/Чэн И-Цзин (Тайбэй).