Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері Хорватиядағы турнирге қатысты

211

Спортшыларымыз Загребте іріктеу кезеңінен аса алмады.

Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері Хорватиядағы турнирге қатысты

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі WTT Contender Zagreb турнирі қызу қарқынмен жалғасуда. Бұл байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынап жатыр. Алайда, Қазақстан құрамасы үшін жарыс жолы тым қысқа болды.

Турнирдің іріктеу кезеңінде ел намысын қорғаған спортшыларымыз барын салғанымен, жарыстың келесі сатысына өте алмады. 

Жалпы алғанда, қазақстандықтар төрт матч өткізіп, соның тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Бұл – Айдос Кенжеғұловтың Уэльс өкілі Джошуа Стейсиді 3:1 есебімен жеңген ойыны.  Жеңіс бір сәттік үміт отын маздатқанымен, ары қарай жол ашылмады.

Кенжеғұлов кейін қытайлық Сюй Инбинмее кездесіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ал Санжар Жұбанов Германия теннисшісі Сендрик Мейсснерден 1:3 есебімен жеңілді. Дастан Кенжеғұлов болса, Қытайлық Сюй Хайдунмен болған матчта қарсыласынан бірде-бір партияны ала алмады – 0:3.

Алдағы жарыстарда отандастарымыз бұл сәтсіздікті ұмыттырып, жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенім бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу