Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері жүлде қоры 2 млн долларлық турнирге қатысады

241

Әлемнің ең үздік спортшылары Қытайда бас қосады. 

Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері жүлде қоры 2 млн долларлық турнирге қатысады

25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Бейжіңде халықаралық үстел теннисінен ең ірі додалардың бірі – "China Smash 2025" өтуде. Турнир Шицзиншань ауданындағы әйгілі Shougang Park спорт кешенінде ұйымдастырылып, жүлде қоры 2 050 000 АҚШ долларын құрайды.

Бұл жарыс World Table Tennis (WTT) турындағы ең беделді Grand Smash сериясына кіреді және 2024–2028 жылдары Пекинде дәстүрлі түрде өткізу құқығы берілген. Турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын, жұптық жарыстар және аралас ойындар ұйымдастырылған. Жекелей разрядтың жеңімпаздары 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.

25–27 қыркүйек күндері іріктеу кезеңі өтсе, негізгі сеткаға әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығындағы жұлдыздар шықты: Ван Чуцинь мен Линь Шидун (Қытай), Уго Кальдерано (Бразилия), Томокази Харимото (Жапония), Трулс Морегард (Швеция), Лян Цзинкунь (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Бенедикт Дуда (Германия), Сян Пэн (Қытай), Дарко Йоргич (Словения) және басқалар.

Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко мен Зәуреш Акашева турнирдің іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Кирилл Герасименко ирандық Амирреза Аббасимен, ал Зәуреш Акашева қытайлық Яо Жуйсюаньмен сынға түседі.

Сонымен қатар, турнир аясында жастар арасындағы WTT China Youth Smash жарысы да жоспарланған. Ол 3–5 қазан күндері өтіп, U15 және U19 жас санаттарында үздіктерді анықтайды.

Осылайша, "China Smash 2025" үстел теннисіндегі ең ауқымды оқиғалардың бірі ретінде жанкүйерлерді әлемнің түкпір-түкпірінен жинап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу