Тұғырдың ең биік сатысына Кирилл Курдиди көтерілді.
Қазақстандық спортшы гит сайысында ең үздік уақыт көрсетіп, чемпион атанды. 2-орынды Қытай өкілі Хань Се иеленсе, 3-орын жапониялық Рето Ичидаға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Жұмақан ұпай саны бойынша топтық жарыста және скрэтчте күміс жүлдегер атанған болатын. Ал Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон дисциплинасында күміс медаль жеңіп алса, Рината Сұлтанова жеке із кесу жарысында қола жүлдеге ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу