Астаналық велошабандоз Францияда өткен жарыста қола жүлдегер атанды

202

Евгений Федоров – велоспорттан ұлттық құрамамыздың көшбасшыларының бірі. 

Астаналық велошабандоз Францияда өткен жарыста қола жүлдегер атанды Фото: XDS Astana Team

Қазақстандық велошабандоз Евгений Фёдоров кезекті мәрте жоғары нәтижесімен қуантты. XDS Astana Team өкілі Францияда өткен беделді "Фурми Гран-приі" біркүндік жарысында қола жүлдеге қол жеткізді.

193 шақырымға созылған додада қазақстандық спортшы мықтылығын танытты. Жарыстың алғашқы кезеңінде алға шыққан Майк Тениссенді қарсыластары  мәреге бірнеше шақырым қалғанда ғана қуып жетті.

Жарыс тағдыры жаппай спринтте шешілді. Осы тұста бар күшін жиып, соңғы айналыста екпін алған Евгений Фёдоров мәре сызығын үшінші болып қиды.

– Жарыс мен үшін жақсы өтті. Соңғы спринтке тыңғылықты дайындалып, барымды салдым. Нәтижесінде жеңіс тұғырына көтерілдім. Командамдағы әріптестеріме және барша ұжымға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, – деді жарыстан кейін қазақстандық велошабандоз.

Айта кетейік, Евгений Фёдоров – Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ Әлемдік турдың жарыстарында елордалық команданың намысын абыроймен қорғап жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу