Аталған жарыста қазақстандық велошабандоздар Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова жасөспірімдер арасындағы мэдисон сайысында үздік нәтиже көрсетіп, құрлық чемпиондары атанды.
Бұл бағдарламада 2-орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, 3-орын Тайбэй құрамасына бұйырды.
Айта кетейік, Анель Ташбай биыл Азияның бес дүркін чемпионы атанды.
Бұған дейін Анель Ташбай, Аружан Кабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Айгерім Смайлканова жасөспірімдер арасындағы командалық із кесу жарысында да алтын медаль жеңіп алған болатын.
Құрлықтық додаға 19 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Қазақстан құрамасы жасөспірімдер, элита және паравелоспорт санаттары бойынша ел намысын қорғап жатыр. Чемпионат 31 наурызға дейін жалғасады.