Бұл – Сауд Арабиясында алғаш рет өтіп жатқан ауқымды құрлықтық жарыс.
Әйелдер арасындағы элита санатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Рината Сұлтанова 20 шақырымдық жарыста жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. 2-орынды Гонконг өкілі Йе Вин Лун алса, 3-орын қытайлық спортшы Хао Чжанға бұйырды.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Глеб Новиков күміс жүлдеге ие болды. Ал U-23 санатында Қазақстан спортшысы Мария Елькина 2-орын алды.
5 ақпанда басталған Азия чемпионаты 11 ақпанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу