Қазақстандық велошабандоз "Вуэльта" додасында сәтті өнер көрсетті

1372

"Астана Қазақстан" велокомандасының шабандозы Евгений Федоров атақты жарыста көшбасшылар қатарында болды.

Қазақстандық велошабандоз "Вуэльта" додасында сәтті өнер көрсетті

"Испания Вуэльтасы" жарысының үшінші кезеңі 193 шақырымға созылды. Нидерландыдан Испанияға бет алған пелотон тақтайдай тегіс жолмен жүрді. Жарыс барысында тек 4 санаттағы бір таулы аймақ болды. Бәсеке басталысымен "Лотто Саудаль" командасының серкесі Том Де Гент алға озып шықты. Оның маңына өзге де шабандоздар шоғырланып, кішігірім топ құрылды. Бұл спринтерлік жарыстардың әдеті емес пе? Алайда алға озып шыққандар мәреге 11 шақырым қалған кезде негізгі топқа ұсталып қалды. Бастапқы бөлікте жүргендердің қатарында қазақстандық спортшы Евгений Федоров та болғанын айта кетейік.

Айтпақшы, жарыс басталған соң 50 шақырымдық жерде велошабандоздар бір-бірімен қақтығысып жерге құлап қалды. Сосын мәреге 19 шақырым қалған тұста "Инео Гренадерс" командасының өкілі Ричард Карапаз да құлап түсті. Бір қуанарлығы мұндай қақтығыстар "Астана" командасына еш кедергісін келтірмеді.

Финалға жақындаған тұста "Бора" командасы жабылып жүріп спринтерлері Сэм Беннетті алдыңғы қатарға шығарды. Ол осы мүмкіндікті пайдаланып екінші мәрте кезең жеңімпазы атанды. Ирландиялық шабандоз Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) мен Дэн Маклэйді (Arkea-Samsic) артта қалдырды. Ал Федоров финишке 26 болып келді. 30 секундтық аралықта өзге де Astana Qazaqstan Team шабандоздары келе бастады. Мысалы: Винченцо Нибали (32), Мигель Анхель Лопес (50), Харольд Техада (80), Давид Де ла Крус (97), Самуэле Баттистелла (146), Вадим Пронский (149) және Алексей Луценко (157).

Ал жалпы есептегі жейде Эдоардо Аффиниге ауысты. Қазақстандық команда ішінен басты есепте ең үздік көрсеткішпен тұрған Винченцо Нибали. Оның дәл қазіргі көрсеткіші 62-орын. 23 тамыз күні "Испания Вуэльтасы" додасының төртінші кезеңі өтеді. Ол Витория мен Лагуардия қалаларының ортасындағы 152 шақырымдық жерде өтеді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу