Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

1967

Велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшылары Азия чемпионатында командалық жарыста "алтын" медаль жеңіп алды.

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

25-наурыз Тәжікстан астанасы Душанбеде тас жолдағы және паралимпиадалық велоспорттан Азия чемпионатының бірінші күні өтті. Қазақстан құрамасының сапында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров, Евгений Гидич командалық жарыс жолына шықты. Спортшылар шуақты ауа-райында 24 шақырымды 26 минут 48,933 секундта бағындырып, үздік нәтиже көрсетті.

Екінші орынды Моңғолия құрамасы иеленді (+01:05.377). Ирандық спортшылар жеңіс тұғырының үшінші сатысында көтерілді (+01:57.643).

"Жігіттер тамаша жұмыс атқарды. Біздің спорт директорымыз Александр Шефердің жетекшілігімен командалық жарыста ойдағыдай бірқалыпты жұмыс істеді. Барлық команда ең жоғары деңгейде болды. Нәтижесінде спортшыларымыз біз күткендей алтын медаль иеленді. Командамызды құттықтаймыз және велошабандоздарымыздың бүгінгі нәтижесімен мақтанамыз!", – деді Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, Astana Qazaqstan Team командасының бас менеджері Александр Винокуров.

Сондай-ақ Душанбеде өткен Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоз қыздар командалық жарыста екінші орын алды. Еліміздің намысын Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова және Анжела Соловьева қорғады. Спортшылар 24 шақырымдық жарыс жолын 32 минут 24,015 секундта бағындырды. Қазақстандық шабандоздар Өзбекстаннан келген жеңімпаздарға небәрі 9,104 секунд ұтылды. Көшбасшылардан 2 минут 1,736 секундтан кейін мәреге келген ирандық велошабандоз қыздар үздік үштік қатарын толықтырды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу