Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Элит санатындағы 50 шақырымдық мэдисон жарысында қазақстандық спортшылар Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жоғары нәтиже көрсетіп, мәреге екінші болып жетті. Осылайша, олар ел қоржынына күміс медаль салды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жапония құрамасы (104 ұпай) иеленсе, Қазақстан (82 ұпай) екінші сатыға жайғасты. Үздік үштікті Гонконг командасы (65 ұпай) түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу