Қазақстандық жас чемпион Ресейде өткен турнирде жеңіске жетті

286

Қазақстандық жас спортшы Ресей Падел федерациясы ұйымдастырған алғашқы жасөспірімдер турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық жас чемпион Ресейде өткен турнирде жеңіске жетті

Ресей Падел турының үшінші кезеңі аясында Федерация тарихындағы алғашқы жасөспірімдер турнирі өтті. Бұл жарыста Қазақстан Падел Ұлттық федерациясының 13 жастағы өкілі сенсация жасады. Ол ресейлік спортшы Андрей Триполюковпен жұп болып өнер көрсетті. Олар финалдық матчта қарсыластарын 4:1, 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды.

Сондай-ақ спортшыларымыз ересектер арасындағы негізгі РПТ турнирінде де лайықты өнер көрсетті. Евгений Данилов ресейлік Артём Матуспен жұптасып жоғары деңгейдегі шеберлік пен командалық рух танытып, қола жүлдеге ие болды.

Жарысқа Қазақстан Падел Ұлттық федерациясынан Кирилл Колганов пен Жәнібек Үмбетов те қатысып, өз шеберліктерін паш етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу