Қазақстандық жас спортшылар үстел теннисінен тағы 2 медаль жеңіп алды

262

Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender жарысында Дулат Ералхан күміс, Олег Яковлев қола медаль алды.  

Қазақстандық жас спортшылар үстел теннисінен тағы 2 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілдері Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

U13 жас санатында Дулат Ералхан финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Өзбекстан спортшысы Амир Шириевке жол берді. Нәтижесінде қазақстандық теннисші күміс медаль иеленді.

Осы жас санатында тағы бір отандасымыз Олег Яковлев қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында үшінші орын алып, турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.

Осылайша Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender жарысында жүлде қорын толықтырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу