Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Одинцово қаласында өткен таеквондодан халықаралық турнирді үш медальмен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдеге ие болды. Осы салмақта өнер көрсеткен Нұрила Жарас қола медаль жеңіп алды.
Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген үздік үштіктен көрініп, Қазақстан құрамасына тағы бір қола жүлде сыйлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу