Қазақстандық жасөспірім Еуропада жылдың үздік теннисшісі атанды

443

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аңсар Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан озып шықты. 

Қазақстандық жасөспірім Еуропада жылдың үздік теннисшісі атанды Фото: ҚТФ

Қазақстандық, 14 жастағы Аңсар Ниетқалиев Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) тарапынан "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл жоғары нәтижелерге қол жеткізген А.Ниетқалиев TE рейтингісінде жылды 41-орынмен аяқтады. 

Осы маусымда қазақстандық теннисші жекелей сында Soul Cup ((Istanbul, Türkiye, екінші санат), Ankara Cup (Ankara, Türkiye) және Ergan Cup (Erzincan, Türkiye, екеуі де үшінші санат) турнирлерінде жеңімпаз атанды. Оған қоса жұптық сында екі рет Soul Cup (Istanbul) жарысында титулды жеңіп алды. Сондай-ақ жекелей сында тағы екі ТЕ додасында финалға дейін жетті. 

Астана теннис мектебінің түлегі Аңсар Ниетқалиевтің жеке бапкері – Мұхамадамин Ерматов. 

Айта кетейік, бұдан бұрын осы аталым бойынша 2021 жылы Зара Дәркен, 2022 жылы Заңғар Нұрланұлы, 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков марапатталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу